Футбол
1 мин оқу 335

UEFA Ұлттар лигасында Португалия көш бастады

<p style="text-align: justify;">Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші туры басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұл күнгі негізгі кездесулер Португалия мен Чехия, Швейцария мен Испания құрамалары арасында өтті. Құрмалар А лигасы екінші тобында сынға түседі.

Португалия өз алаңында Чехияны 2:0 есебімен сүріндірсе, Испания сырт алаңда 1:0 есебімен Швейцарияның осал тұсын тапты.

Алғашқы екі турда жанкүйерлер сенімінен шыға алмаған қос құрама осылайша турнир кестесінде көш тізгінін қолға алды.

Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

В лигасы 4 топ

Норвегия - Словения 0:0

Швеция - Сербия 0:1

С лигасы 2 топ

Косово - Солтүстік Ирландия 3:2

Грекия - Кипр 3:0

С лигасы 4 топ

Гибралтар - Болгария 1:1

Солтүстік Македония - Грузия 0:3

D лигасы 2 топ

Мальта - Эстония 1:2

Еске салсақ, бұдан бұрын екі ойында жеңіске жеткен қазақстандық футболшылар өз тобында бірінші орында келеді.

Бөлісу:
UEFA Ұлттар лигасында Португалия көш бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар