Коронавирус
1 мин оқу 760

Қазақстанда «Стэлс-Омикрон» штамы анықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның 12 өңірінде &laquo;Стэлс-Омикрон&raquo; штамы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стэлс-Омикрон» – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды. ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 «Стелс-Омикрон» штамының – 93,8% (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 «Омикрон» штамының – 6,2% (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды», делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (Пфайзер, Синофарм және КазВак), оның ішінде 2-еуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.

Бөлісу:
Қазақстанда «Стэлс-Омикрон» штамы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар