Әлем
1 мин оқу 312

Кипрде жер сілкінді

<p>Жер сілкінісінің қуаты 4,6 баллға жеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Апаттарға және төтенше жағдайларға қарсы күрес басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 4,6 баллдық жер сілкінісі Жерорта теңізінде Кипр аралының шығысында сағат 4:40-та тіркелген.

32,99 км тереңдіктегі жер сілкінісінің эпицентрі Солтүстік Кипрде орналасқан.

Жер сілкінісі Түркияның Хатай, Адана, Мерсин және Анталия секілді қалаларында да сезілген.

Бөлісу:
Кипрде жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар