Тағайындау
2 мин оқу 760

Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңір басшысы қызметіне екі кандидат Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев пен сенатор Бейбіт Исабаев ұсынылды. Халық қалаулыларының басым дауысына сенатор Бейбіт Исабаев ие болды.

Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі

1985 ж. - С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.

1987-1991 жж. - «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1991-1994 жж. - «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.

1994-1995 жж. - Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.

1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2002-2003 жж. - «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.

2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2009-2015 жж. - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан ҚР Сенатының депутаты болды.

Бөлісу:
Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар