Аймақтар
1 мин оқу 241

Семейде жыл басынан бері 64 жол апаты тіркелді

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында жыл басынан бері 64 жол апаты тіркеліп, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері шаһар бойынша 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 5 адам көз жұмып, 90 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алды.

«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыруы, көлікті мас күйде тізгіндеу, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу. Тұрғындардың ақауы бар көлікті жүргізуі де жол апаттарына әкеліп соғып жатады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауы салдарынан болатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті», делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жұртшылыққа жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда әрдайым абай болу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Семейде жыл басынан бері 64 жол апаты тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар