Түркиямен тең ойнады
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан жастар құра­масы 2023 жылғы Еуропа чемпио­натының іріктеу турнирінің ойындарын аяқтап, өз тобында соңғы орынға тұрақтады.</p>

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы іріктеу кезеңінің соңғы ойынын сырт алаңда Түркия футболшыларымен өткізіп, аса тартысты өткен ойында тең ойнап (0:0), бір ұпайды қоржынға салды. Ойынның 58-минутында «Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасаболат алаңнан қуылды. Матчтың соңына дейін жігерлілік танытқан Қазақстан жастар құрамасы тең есепті сақтап қалды.
I тобында өнер көрсеткен біздің жігіттер сегіз ойында екі ұпай жинап, бес құраманың ішінде соңғы орынға тұрақтады. Ал 20 ұпайы бар Бельгия футболшылары бірінші орынмен Еуропа чемпионатына жолдама алды.