Әлем
1 мин оқу 193

Францияда парламент сайлауының бірінші кезеңі өтті

<p style="text-align: justify;">Жексенбіде Франциядағы парламент сайлауының бірінші туры өтіп, солшыл күштердің &laquo;Жаңа халықтық экологиялық және әлеуметтік одақ&raquo; коалициясы ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ru.euronews.com/2022/06/12/france-elex-1" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Еuronews</a> агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Алдын ала ақпарат бойынша Солшыл партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшонның бастамасымен құрылған NUPЕS коалициясының кандидаттары 26,2% дауыс жинаған.

Ал «Ренессанс» президенттік қозғалысы жетекшілік ететін «Бірге!» билеуші ​​коалициясының кандидаттары 25,8% дауыс жинады. Соған қарамастан Франция еліндегі мажоритарлық сайлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты басқарушы коалиция парламенттегі орынның басым бөлігін сақтап қалады.

Бөлісу:
Францияда парламент сайлауының бірінші кезеңі өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар