Талғардың жаңа әкімі сайланды
<p style="text-align: justify;">Сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков Талғар қаласының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бүкіл сайлаушылардың 23,77% дауыс берген. Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты.
Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды. Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84%-ы қолдаған. Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады. 218 сайлаушы бәріне қарсымын десе, бүлінген және дұрыс қолданбаған бланк саны - 93 болды.
Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында туған. 32 жаста. Мамандығы - экономист. Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген.