Қоғам
1 мин оқу 220

Зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 246 мың зейнеткер тұрады. Маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 105 189 теңгені құрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

2022 жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,2 млрд теңге бөлінді.

Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Бөлісу:
Зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар