Коронавирус
1 мин оқу 180

157 қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр

<p style="text-align: justify;">13 маусымдағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 157 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоаралық комиссия таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта 35 науқас стационарда, 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгін 7 азамат қауіпті індеттен жазылып шығып, қатарға қосылды. Оның 5-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында тұрады. Бүгінде елімізде барлығы 1 292 089 адам COVID-19-дан емделіп шықты», деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
157 қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар