«ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің өлімі: тергеу жалғасып жатыр
<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Нұр-Сұлтан полицейлері «ӨКМ Операторы» ЖШС топ-менеджерінің өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Полиция департаментінің мәліметінше, Р.Д. Шәмшиевтің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
«Соталды тергеу барысында істің барлық мән-жайын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», деді елордалық ПД өкілі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.