Үкімет
1 мин оқу 230

Тамара Дүйсенованың орынбасары қызметінен босатылды

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Үкімет қаулысымен Руслан Кенесарыұлы Сәкеев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған.

2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің әкім орынбасары.

2019-2021 жылдары — «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2021 жылдары — «BIRGEMIZ» ҚҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Бөлісу:
Тамара Дүйсенованың орынбасары қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар