Теннис
1 мин оқу 470

Арсений Требухин Грузиядағы жарыста абсолютті жеңімпаз атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Арсений Требухин Грузия астанасы Тбилиси қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Арсений Требухин Грузиядағы жарыста абсолютті жеңімпаз атанды

Алматы теннис мектебінің түлегі жекелей сында финалда осы турнирдің бірінші ракеткасы, ресейлік Артем Семеновті 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл оның Еуропадағы алғашқы титулы еді. А.Требухин сонымен қатар алматылық Родион Лукашовпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде ресейліктер Иван Макаров – Мирослав Морозовтан айласын асырды – 7:5, 6:2.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Арсений Требухин Грузиядағы жарыста абсолютті жеңімпаз атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар