Аймақтар
1 мин оқу 670
Ауласында көкнәр мен қарасора өсірген шымкенттік ұсталды
<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. Тексеру барысында тәртіп сақшылары 118 түп көкнәр мен 7 түп сора тәркіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Дерек ҚР ҚК 300-б.2-Б. 3-т. бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген Шымкент қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе қарасораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын ірі мөлшерде өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бөлісу: