Футбол
1 мин оқу 492

FIFA: Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан бірінші рет Fifa Nations Series 2022 әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

FIFA: Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

Ақназар Бексейітов (Қарағанды) пен Олжас Есентаев (Жезқазған) ойнайтын ұлттық құрама FIFA-ның ең жақын сервері БАӘ-де орналасқандықтан, Дубайға барып, іріктеу додасынан өтіп қайтқан.

Қазақстандықтар іріктеудің екі кезеңінен өтіп, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған үздік үш команданың қатарына енді. Іріктеуде команда құрамында 2018 жылғы әлем чемпионы және FIFA нұсқасы бойынша жылдың екі дүркін жеңімпаз ойыншысы ойнайтын Сауд Арабиясының командасын жеңді.

Финал 27-30 шілде аралығында Копенгагенде өтеді. Онда 24 команда ойнайды. 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры – 400 мың доллар.

Fifa Nations Series 2022-EA SPORTS 2v2 форматындағы FIFA 22 футбол тренажері бойынша халықаралық спорттық турнир. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен Футбол қауымдастықтарының құрама командалары қатысады. Fifa Nations Series FIFA – халықаралық футбол федерациясының ресми турнирі. 2019 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
FIFA: Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар