Қоржында қос қола бар
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер ара­сындағы әлем чемпионатының ал­ғашқы екі күнінде қазақстандық спорт­шылар екі қола медаль жеңіп алды. </span></p>

Әлемнің 40-қа жуық елінен келген 205 ауыр атлет 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатыр. Әлемдік додада Қазақстанның 9 (5 ер, 4 қыз) спортшысы да өнер көрсетуде. Жарыстың алғашқы күнінде қыздар арасында 40 кило салмақта бақ сынаған Александра Беленко әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қос сайыста 125 кило (55+70) зілтемірді көтерген отандасымыз үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бас жүлдені колумбиялық Эстрада Велез (128 кг, 55+73) иеленсе, күміс жүлде үндістандық Вявхаре Аканшаға бұйырды. Ол – 127 (59+68) килоны еңсерді.
Ал жарыстың екінші күнінде ерлер арасындағы сайыста 55 килодағы Ерасыл Омаров екі жаттығуда 224 (100+124) кило зілтемірді бағындырып, ел қоржынына екінші қола жүлдені салды. Алтынды Үндістан өкілі Гурунайду Санапатхи (230 кг, 124+126), күмісті Сауд Арабиясының спортшысы Али Маджиду олжалады – 229 кг (105+124).