Спорт
1 мин оқу 191

Францияда топ жарды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Жұптық сындағы Қазақстанның бірін&shy;ші ракеткасы Анна Данилина украи&shy;налық Валерия Страховамен бірге Фран&shy;&shy;&shy;цияның Биаррице қала&shy;сында ұйым&shy;&shy;&shy;&shy;дастырылған W60 турни&shy;рінің чем&shy;&shy;&shy;пио&shy;ны атанды.</p>

Францияда топ жарды

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тір­келген Анна Данилина мен Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле және ресейлік Мария Тимо­феевамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп 6:2 есебімен ба­сым­дық танытса, екінші партия­да Анна мен Вале­рия есе қайтарды – 6:3. Шешуші бәсекеде қазақ­стандық-украи­налық теннисшілер супер тай-брейк­те қар­сылас­тарынан жеңісті жұлып алды – 14:12.

Осылайша, Анна Данилина жұптық сын­дағы өзінің 25-ші титулын жеңіп алса, Страхо­вамен бірге қатарынан бесінші турнирде үздік шықты. Сондай-ақ бұл Анна Данилинаның ITF са­натындағы 24-ші жеңісі. Данилина осы жыл­дың қаңтарында Сиднейде WTA 250 серия­сы тур­нирінде бразилиялық Беатрис Хаддад Майя­мен бірге жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу:
Францияда топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар