Аймақтар
1 мин оқу 250

700 шақырымды жүгіріп өтеді

<p style="text-align: justify;">Академик Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды универси&shy;тетінің оқытушылары &laquo;Ұлытауға тағзым&raquo; атты ультрамарафон ұйымдастырды. Бұл іс-шара Арқадағы жоғары білімнің қарашаңырағы саналатын оқу орнының жарты ғасырлық мерейтойына арналған.</p>

700 шақырымды жүгіріп өтеді

Ұлт ұясына бағыт алған ультрамарафонды Бөкетов уни­верситетіндегі дене мәде­ниеті және спорттық дайындық тео­риясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бақдәулет Тілеубек бастап, 42 ша­қырымнан тұратын қашық­тықты жүгіріп өтті.

Спорттық іс-шараны ұйым­дас­тырушы Марат Тұрымов айтқандай, ұшқан құстың қанаты талатын қашықтыққа жүгірушілер бес топқа бөлінген екен.

– Желаяқтардың бірі 50 шақырым жүгірсе, өзгелері 42 және 30 шақырымды бағын­дыруға тиіс, – дейді ол.

Ал Тұрымовтың өзі 21 ша­қырымды құрайтын қашық­тыққа жүгіруге тәуекел етіпті.

Жалпы, ультрамарафоншылар екі күн ішінде Қарағанды – Ұлытау бағыты бойынша 700 шақырымның басын қайыруды жоспарлап отыр.

Аталған іс-шараны ұйым­дас­тырушылар желаяқ­тар­дың бұл жорығын жаңадан құрылған Ұлытау облысына көр­сетілген құрметтің бір парасы екенін де айтады.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
700 шақырымды жүгіріп өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар