Футбол
1 мин оқу 460

Ұлттар лигасы: Франция Хорватиядан жеңілді

<p style="text-align: justify;">Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттар лигасы: Франция Хорватиядан жеңілді

Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы бірінші тобында болды. Өз алаңында Франция Хорватияға 0:1 есебімен жол берсе, Дания Австрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, Франция төрт ойында небәрі екі ұпай алды, турнир кестесінде көш соңында тұр.

Осылайша олар жанкүйер сенімінен шыға алмай келеді.

Сондай-ақ В лигасы екінші тобында Исландия мен Израиль 2:2 есебімен тең түсті. Ал С лигасы үшінші тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан Словакияны 2:1 есебімен сүріндірсе, Әзербайжан Беларусьті 2:0 есебімен жеңді.

Енді 14 маусымда UEFA Ұлттар лигасының төртінші тур ойындары мәресіне жетеді. Одан кейінгі ойындар қыркүйек айында жалғасады.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Ұлттар лигасы: Франция Хорватиядан жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар