Ауыр атлетика
1 мин оқу 845

Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Қазақстандық Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткендей, Ерасыл 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 281 келіні (123+158) бағындырды.

Түркиялық Алааддин Саин 278 келімен (121+157) екінші, поляк Бартош Бурски 269 келімен (116+153) үшінші орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден қола медальға қол жеткізді. Дегенмен ол қоссайыс қорытындысында 152 келімен (69+83) төртінші орынға табан тіреді.

Бөлісу:
Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионатында жеңімпаз атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар