Ауыр атлетика
1 мин оқу 710

Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Vesti.kz&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Емберді 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша алға шықты.

Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.  

Еске салайық, осыған дейін Ерасыл Сәулебеков (67 келі) әлем чемпионы атанса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) турнирдің қола жүлдесімен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18-не дейін жалғасады.

Бөлісу:
Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар