Футбол
1 мин оқу 280

Ұлттар лигасы: Англия Венгрияға есе жіберді

<p style="text-align: justify;">Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл күнгі басты кездесулер А лигасы үшінші тобындағы Англия мен Венгрия, Германия мен Италия құрамалары арасында өтті.

Өз алаңында Англия құрамасы Венгриядан 0:4 есебімен жеңілді. Ал Германия Италияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ А лигасы төртінші тобында Нидерланды Уэльсті 3:2 есебімен жеңсе, Польша Бельгияға 0:1 есебімен жол берді. В лигасы үшінші тобында Босния және Герцеговина Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, Румыния Черногориядан 0:3 есебімен жеңілді.

С лигасы бірінші тобында Люксембург пен Фарер аралдары 2:2 есебімен тең түссе, Түркия Литваны 2:0 есебімен тізе бүктірді. D лигасы бірінші тобында Молдова Андорраны 2:1 есебімен жеңсе, Лихтенштейн Латвияға 0:2 есебімен жол берді.

Ендігі тур ойындары қыркүйек айында өтеді.

Бөлісу:
Ұлттар лигасы: Англия Венгрияға есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар