Әлем
1 мин оқу 543

Turkish Airlines әуе компаниясының атауы өзгереді

<p style="text-align: justify;">Turkish Airlines әуе компаниясы енді T&uuml;rkiye Hava Yollari деп аталады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 маусымда журналистерге <a href="https://www.sozcu.com.tr/2022/gundem/erdogan-turkish-airlines-degil-turkiye-hava-yollari-yazacagiz-7193100/%20">айтты</a>, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Осы сәттен бастап біз ұшақтарымыздың фюзеляждарында Turkish Airlines орнына Türkiye Hava Yolları деп жазамыз», деді Түркия президенті.

Ердоған бұл шешім мемлекеттік деңгейде ел атауының Turkey-ден  Türkiye-ге ресми өзгеруіне байланысты қабылданғанын айтты. Мамырдың соңында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бұл туралы БҰҰ Бас хатшысына хабарлады. Ал, 1 маусымда бұл жаңалық күшіне енді.

Тиісінше, елдің атауы бар флагмандық тасымалдаушының атауы да өзгереді.

Бөлісу:
Turkish Airlines әуе компаниясының атауы өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар