Экология
1 мин оқу 670
Маховка өзеніндегі балықтардың қырылу себебі айтылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысындағы Маховка өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Аталған су алабы бойынша тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Судың ластануы туралы дерек анықталған жоқ. Балықтардың қырылуы өзеннің тартылуы салдарынан болған. Сондай-ақ қыс мезгілі аяқталғаннан кейін ұсақ балықтарға оттегі жетіспей жатады. Осы себептерге байланысты аса ірі көлемдегі шығынға жатпайтын балық қырылды. Жергілікті тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе - өзеннің жасыл түске боялуы. Бұл - табиғи құбылыс. Сәуір және мамыр айларында су асты өсімдіктері түлеп, арнайы бояу бөледі», деп түсіндірді Ерболат Кожиков.
Бөлісу: