Қазақстан
2 мин оқу 1,050

Ұлттың ұйысуы

<p style="text-align: justify;">Осыдан 105 жыл бұрын Орынборда Алаш Орданың құрылтайы өтті. Бұл &ndash; жаңа ұлттық үкіметтің іргетасын құруға жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді. Сол кезде Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан &laquo;Қазаққа ұйымдасу керек&raquo;, &laquo;Қазақ болып қамдану қажет&raquo; деп, ел тағдырына ықпал ететін есімдерге құрылтай жөнінде хат жолдаған екен.</p>

Ұлттың ұйысуы

Бүгін Ұлытауда бас қосатын тарихи құрылтайда да қазақ болып қамданудың бір қамы қолға алынып жатыр. Бұл да – түптеп келгенде алаштықтар аңсаған ұлттық мемлекет құруға жасалған қадамның, ұлт мүддесін бекемдете түсер алғышарттардың бірі.

Ел Президенті Ұлттық құ­рыл­тай құру туралы Жар­лыққа қол қойып, оның ережесі мен құрамын бекітті. Құрылтайдың құрамына еркін ойлы, тәуелсіз, айтары бар азаматтар енді. Ең бас­тысы, бұқара мен билік арасында диалог орнатудың тиімді те­тігі оң жолға қойылды. Ен­дігі міндет – ұлт болып ұйы­­судың жолын анықтау, ел тағ­дыр таразысының қай ба­ғыт­қа бет алғанын сарап­тап, оң жолын көрсету. Ал тұтас бір мемлекеттің тағ­дыр таразысының қайда қа­рап ауатыны билік басында отыр­ған азаматтар мен ха­лық тағ­дырына жауапты тұлға­лар­дың тағдыршешті мәселені қалай тарқатарына байланысты. 

Ұлттық құрылтай елдік істе бірлігі бекем, іргесі ажы­­ра­майтын бүтін бір құры­­лымға айнала ала ма? Шыны керек, байрақты бас­та­маның басы-қасынан та­был­ған ұлтжанды азамат­тардың, елдің мұң-мұқта­жы мен халықтың мәсе­ле­­сін жеткізіп жүрген тұлға­лар­дың аты-жөнін оқығаннан кейін бұл сұраққа да жауап табылғандай болды.

Ұлттық құрылтайдың ал­ғашқы жиыны қазақ үшін қасиетті мекен – Ұлытаудан бастау алуының өзі көңілге сенім ұялатады. Біле білгенге бұл да үлкен жақсылықтың белгісіндей. Уақыт талабы мен күн тәртібіне қойылған сұрақтарға орай құрылтай құрамы өзгеріп тұратыны – дұрыс үрдіс. Оның үстіне қарапайым жұрт құрылтайға деген ұсыныс-тілегін жолдай алатын арнайы онлайн-платформа құрылатыны – қоғамдағы өзекті мәселенің ешқайсысы қалтарыста қалмайды дегенді білдіреді.

Мемлекет басшысы референдум қорытындысы бо­йынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде Ұлттық құрылтай құру туралы бас­тама көтеріп, осылайша аза­мат­тардың мемлекет ісіне ат­салысу мүмкіндігі арта түсе­тінін айтқан еді. «Шын мәнін­де, еліміздің тағ­дыры – әр­қай­сымыздың қолы­мызда», деді бұл жөнін­де Президент. Ал құрыл­тайда «жалпыұлттық құн­ды­лықтарды нығайта отырып, қоғамды одан әрі ұйыс­­тыруға бағытталған ұзақ­мер­­зімді мәселелер тал­қ­ы­ла­натынын» ескере­тін болсақ, бұл маңызды қадамда да Жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып жатқанының тағы бір дәлелі болар.

Сөз басында Алаш арыс­тары­ның қазақ қоғамын ұйым­дастырып, соңынан ертіп, мемлекеттік идея таратуды құрылтай арқылы іске асырғысы келгенін айт­тық. Тарихта қазақ жерін­де 60-тан астам құрыл­тай өткені белгілі. Әр құрыл­тайда алаш­тықтардың жан­кеш­тілігі жатыр. Халықты бір­лік­ке бастаған әр жиын­ның ар­қалаған жүгі бар. Оның ең бастысы – ел болашағын жар­қын ету, халықтың өсіп-өркендеуіне сеп болу. Ен­деше Ұлытаудан бастау ал­ған бұл Ұлттық құрылтай ел тағ­дырына ықпал етер жиын­ға айналсын деп тілейміз.

Бөлісу:
Ұлттың ұйысуы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар