Қоғам
2 мин оқу 381

Экологиялық заңнама жиі бұзылады

<p style="text-align: justify;">Елімізде экологиялық заңнаманы бұзу деректері жылдан-жылға көбейіп барады. Табиғатты қорғау заңдылығын қадағалайтын құқық қорғау органдары тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтамау фактілерінің жиі тіркелетінін айтады.</p>

Экологиялық заңнама жиі бұзылады

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай соңғы кездері азаматтардың елді мекендер маңындағы тұрмыстық және өндірістік қалдықтар­дың заңсыз шығарылуы туралы арыз-шағымдар жиілеп кеткенін айтады.

Келіп түскен арыз-ша­ғым­дар бойынша Бас прокуратура уәкілетті органдардың табиғатты қорғау саласында эко­логиялық заңнамалардың сақтауына тексеру жүргізген. Тексеру іс-шаралары кезінде прокурорлар кәсіпорындар­дың өндірістік қалдықтарды өңдеусіз рұқсат етілмеген жерлерге төгуіне қатысты 43 фак­тіні анықтап, тіркеді. «Мысалы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты экологиялық тұрғыдан рұқ­саты жоқ кәсіпорындарға 150 мың тоннаға жуық қауіпті қал­­дықтарды өткізген. Ал кәсіп­­орындар болса, сол қал­дық­тарды өңдеусіз қаладағы бос жатқан жерлерге таста­ған. Бүгінгі күнде кінәлі тұлғалар әкім­шілік жауапкершілікке тар­­тылды. Олардан 80 млн тең­­геден астам шығын өнді­ріл­­ді. Оған қоса, зауытқа қор­ша­ған ортаға эмиссия түрінде 1 млрд 600 млн теңге көле­мін­де төлем­ақы есептелді», дейді ­Бас про­куратураның ресми өкілі.

Рұқсат етілмеген полигон­дардың көлемі де азаймауда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесінің ғарыштық бақы­лау нәтижесіне сәйкес, өңір­лерде жыл сайын 9 мыңға жуық жаңа полигон анықталады. Мы­­салы, Алматы қаласының прокуратурасы Алатау, Медеу және Түрксіб аудандары­нан 17 коммуналдық және өнді­рістік қалдықтар көмілген жер­ді тапқан. Қазіргі кезде про­куратураның талабы бо­йынша қоқыс полигондары жо­йылды.

Жалпы тексеру қоры­тын­дысы бойынша, Ақтөбе, Ал­маты, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Экология департаменттері­нің басшылары, сондай-ақ про­фильді министрліктің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, табиғат қорғау инспектор­лары бюджетке 33 млрд тең­геге жуық экологиялық шы­ғынды, сондай-ақ 12 млрд теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлды өндірген. Тиі­сінше Үкіметке заң бұзу­шы­лықтарды жою туралы ұсы­ныс енгізіліп отыр. Бұл іс-шаралардың барлығы қоғам­ның, атап айтқанда өндірістік қалдықтарды қалай болса солай қалдырып кете беретін кәсіпорындардың қоршаған ортаны сақтауға деген жауап­­кершілігін арттыруға бағыт­талып отыр.

Бөлісу:
Экологиялық заңнама жиі бұзылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар