Футбол
1 мин оқу 200

«Тобылдың» қарсыласы анықталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Чемпиондар лигасының жаңа мау&shy;сымына қатысатын Қостанайдың &laquo;То&shy;былы&raquo; жеребеге сай алғашқы ай&shy;на&shy;&shy;лымда Мажарстанның &laquo;Ферен&shy;ц&shy;ва&shy;рош&raquo; клубымен кездесетін болды.</p>

«Тобылдың» қарсыласы анықталды

Іргетасы 1899 жылы қаланған Будапешт қаласының клубы бүгінге дейін Мажарстан чемпионатында 33 мәрте топ жарған. Сондай-ақ 24 мәрте Мажарстан кубогында жеңімпаз атанған, 6 рет суперкубок додасында дара шыққан. 1964 жылдан бері Еурокубок бәсе­келерінің тұрақты қатысушысына айнал­ған «Ференцварош» 1964-1965 жылғы фут­бол маусымында бұрынғы Жәрмеңке кубогы, қазіргі Еуропа лигасы турнирінде жеңімпаз атанған. Әзірге бұл Мажарстан клубтары арасындағы Еурокубокта атой салған жалғыз команда.

«Ференцварош» қазіргі таңда УЕФА рейтингінде 101-орында тұрса, «Тобыл» 310-сатыға жайғасқан. Команданы 58 жас­тағы ресейлік маман Станислав Черчесов жаттықтырады. «Тобыл» мен «Ференцварош» клубтары арасындағы бірінші айналымның алғашқы матчы 5 шілдеде Қостанайда, қарым­та кездесу 12 шілдеде Будапештте өтеді.

Бөлісу:
«Тобылдың» қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар