Теннис
1 мин оқу 160

Ширек финалға шықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірін&shy;ші ракеткасы Анна Данилина Мадрид қала&shy;сында өтіп жатқан ITF W60 тур&shy;ни&shy;рінің ширек финалына жолдама алды.</p>

Ширек финалға шықты

Жарыстың бірінші ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге бастапқы кездесуін испаниялықтар – Аиноа Атуча-Гомес пен Кармен Галлардо Геварамен өткіз­ді. Қазақстандық-ресейлік жұп 57 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. А.Данилина мен А.Тихонова жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс­тың жартылай финалына шығу үшін бол­гариялықтар – Алекса және Лия Кара­танчевалармен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Тимо­фей Скатов Блуа (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымында осы жа­рыстың жетінші, әлемнің 184-ракеткасы сербиялық Никола Милоевичпен кездеседі. Бірінші айналымда ол аргентиналық Факундо Диас Акостаны 6:4, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктірді.

Бөлісу:
Ширек финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар