Аймақтар
1 мин оқу 710

Шаһар шырайы – қызыл раушан

<p style="text-align: justify;">Әр шаһардың шырайы &ndash; әсем ғимараттар мен әдемі гүл. Жасыл же&shy;ле&shy;гі аз мұнайлы қалада раушан гүлі жайқалып тұр. &laquo;Озе&shy;ленение города Атырау&raquo; жобасының жетек&shy;шісі Леонид Задер&shy;ныйдың айтуын&shy;ша, биыл осындай 18 мың гүл 11 мың шар&shy;шы метр аумақ&shy;қа егілген.</p>

Шаһар шырайы – қызыл раушан

– Бұрын Атырау қаласында біржылдық петуния мен барқыт шөп егілуші еді. Енді биыл көпжылдық раушан гүлі мен гибискус егуді қолға алдық. Бұл қыста – 25 градус аязға төзімді, аптап ыстыққа шыдамды келеді. Қазір француздық раушан гүлі М.Өтемісұлы атындағы акаде­миялық қазақ драма театрының алдында, Фариза Оңғарсынова ескерт­кішінің маңында, Х.Доспанова атындағы әуе­жайда, «Исатай-Махамбет» орта­лық алаңы мен «Алмагүл» шағын ауданында өсіп тұр, – дейді Леонид Задерный.

Оның айтуынша, көпжыл­дық раушан гүлі мен гибискус­ты егу арқылы қаржы да, уақыт та үнемделген. Бұ­рын Шымкент пен Ташкент қала­ларынан рау­шан гүлінің әр талы 500-700 теңгеден сатылып алынған. Бірақ гүлдің дені жерсінбеген.

– Атыраудың топырағы сор­таң болғандықтан, гүлдің тамыр жаюы қиын. Оның үстіне бұл өңір­дің ауа райы құбыл­малы болады. Қыс мезгілінде үсіп кет­пес үшін әр түп гүлдің бетін жабу керек. Гүл де климат­қа бой үйрете алмай, «ауырып» қалады, – дейді жоба жетекшісі.

Қазір 60 адам Атырау қала­сын­дағы раушан гүлін күтіп-бап­тайды. Енді жыл сайын 18 мың рау­шанның саны көбеюі мүмкін.

Атырау облысы

Бөлісу:
Шаһар шырайы – қызыл раушан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар