Әлем
1 мин оқу 370

Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған жаппай су тасқыны алты адамның өмірін қиды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында бір үй құлап, салдарынан үш адам, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында көшкіннің салдарынан тағы екі адам қаза тапты. 

Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында сел салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ үш адамның тағдыры туралы ештеңе белгісіз. 

Қатты су тасқыны салдарынан маусым айының басынан бері 200 мыңға дейін адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Бөлісу:
Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар