Оқиға
1 мин оқу 275

Заңсыз алкоголь өндірген Петропавл тұрғыны ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғыны қала орталығындағы гараж кооперативтерінің бірінде суррогат өнімін жасап, халыққа өткізген.

«Тінту кезінде жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, сондай-ақ бос ыдыстар, қақпақтар, хош иістендіргіш концентрат пен суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді», деп жазды агенттіктен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Заңсыз алкоголь өндірген Петропавл тұрғыны ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар