Түркістанда Ясауи кесенесінің маңында өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы «Жеті тандыр» мейрамханасы өртенді. Тілсіз жау қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын ғимараттың екінші қабатынан шыққан.
«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», делінген хабарламада.