Мұнай қымбаттады
<div class="art-box" style="color: #0b67cd;"> </div> <p style="text-align: justify;">Бейсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы шикізатты жеткізуге қатысты алаңдаушылыққа байланысты өсе бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:06-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға өсіп, 118,87 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, 115,83 долларға жетті.
Мұнайды жеткізуге қатысты алаңдаушылық Ресейдің энергетикалық секторына қарсы санкциялар мен Қытай тарапынан сұраныстың жоғары болуы мүмкін деген болжамға байланысты туып отыр. Қытай – мұнайды көп мөлшерде тұтынушы әрі импорттаушының бірі. Бұл мұнай бағасының негізгі қолдауы болып қала береді.
Брент 25 сәуірден бастап барреліне 100 доллардандан түскен жоқ.
Аяна Тоғанбек