Елорда
1 мин оқу 650

Nur-Sultan Half Marathon жүгіру жарысы өтеді

<p style="text-align: justify;">19 маусым күні Нұр-Cұлтан қаласында cпорт және салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін Nur-Sultan Half Marathon жүгіру жарысы өтеді. Жүгіру жарысы Qazaqstan Live Fest халықаралық туризм, спорт және белсенді өмір салты көрмесі болып жатқан EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді. Жарысты жыл сайынғы &laquo;Алматы марафонының&raquo; ұйымдастырушысы &laquo;Бірінші болу батылдық&raquo; корпоративтік қоры өткізеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Марафон мынадай қашықтықтарда өтеді: 21,1 км, 10 км және 10 км қашықтыққа скандинавиялық жүріс. Қатысушылар орталық көшелермен жүгіріп өтіп, елорданың көрікті орындарын – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайын, Бәйтерек, Хан Шатыр, Тәуелсіздік сарайын, Ботаникалық бақты және т.б. көре алады. Қатысушылардың болжамды саны – 4 мың адам.

.

Нұр-Сұлтандағы жарыс тегіс трассада өтетінімен ерекшеленеді. Қатысушылар мен жанкүйерлер үшін үлкен ойын-сауық бағдарламасы әзірленіп жатыр. Барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі. Абсолютті санаттағы 21 шақырымға жүгірген ерлер мен әйелдер арасындағы ең жүйріктері ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын – 450 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге, 3 орын – 350 000 теңге. 21 км және 10 км қашықтыққа жүгіретін белгілі бір жас санатындағы жеңімпаздар серіктестерден сыйлықтар алады.

Жарыстық нөмірлер 17-18 маусымда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ЕХРО ХКО-да Qazaqstan Live Fest көрмесі кезінде беріледі. Жарыс күні нөмірлер берілмейді.

Бөлісу:
Nur-Sultan Half Marathon жүгіру жарысы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар