Әлем
1 мин оқу 192

Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Пәкістанның Белуджистан провинциясында жұмысшылар тұратын елді мекенге жасалған шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Dawn газетінің хабарлауынша, белгісіз біреулер Харнай аймағындағы жұмысшылар лагеріне шабуыл жасап, бей-берекет оқ жаудырған. 

Билік жұмысшылардың мемлекеттік нысанның құрылысында жұмыс істегенін айтады. 

Әзірге ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Бөлісу:
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар