Оқиға
1 мин оқу 250
Егде жастағы елорда тұрғыны жетінші қабаттан құлап кетті
<p style="text-align: justify;"><span class="s2">Егде жастағы елорда тұрғыны жетінші қабаттағы пәтерден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қалалық полиция департаментіне Достық көшесінде орналасқан үйдің балконынан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алайда алған ауыр жарақаттан ол оқиға орнында жан тапсырған.
«Қайғылы оқиғаға тап болған азаматшаның жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған», деп мәлімдеді полиция.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды.
ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайды.
Бөлісу: