Оқиға
1 мин оқу 370

Атырауда екі адам топырақ астында қалып қойды

<p>32 және 22 жастағы атыраулық оқыс оқиға кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайғылы жағдай кеше қала іргесіндегі «Жұлдыз» шағын ауданында болған.

Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Қос көрші құдыққа түсіп, құбырды жөндеп жатқанда олардың үстіне топырақ опырылып түскен.  Екеуі де тірідей топырақтың астында қалған. Олардың денелері шығарылды.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.

Бөлісу:
Атырауда екі адам топырақ астында қалып қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар