Медицина
1 мин оқу 403

Үздік мамандар марапатталды

<p style="text-align: justify;">Қонаев қаласында Алма&shy;ты облысының әкімі Ма&shy;рат Сұлтанғазиев меди&shy;ци&shy;на қызметкерлерін кәсі&shy;би мерекесімен құт&shy;тық&shy;&shy;тап, марапаттады. Салтанатты іс-шара&shy;да аймақтағы үздік дәрігер&shy;лер мен емдеу орын&shy;да&shy;ры анықталып, жеңім&shy;паздарға қомақты ақша&shy;лай сыйақы берілді.</p>

Үздік мамандар марапатталды

Биыл облыстағы «Үздік ста­ционар үздік дәрігері» аталымы бойынша озып шыққан Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының дәрігері Рамиль Қарасаев облыс әкімінің қолынан арнайы диплом және 7 млн теңгенің сертификатын алды. Ал Іле орталық аудандық ауруханасының әлеу­меттік қызметкері Жұлдыз Құл­манова «Үздік әлеуметтік қызметкер» атанып, оған 1 млн теңгенің сертификаты беріл­ді. Сондай-ақ осы Іле ауда­нын­дағы КазЦик ауылының дә­рігерлік амбу­латориясы «Үздік дәрігерлік амбулатория» ретінде анықталып, бөлімшенің меңгерушісі Толқын Садақ­баеваға арнайы диплом және 1 млн 800 мың теңгенін сертификаты тапсырылды.

Жиында аймақтағы ақ же­лең­ді абзал жандардың тағы бір тобына Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты беріліп, құрмет көрсетілді.

– Адам жанына арашашы болудың жауапкершілігі мен маңызын қоғам әрқашан  жоғары бағалайды. Дәрігерге деген құрмет ешқашан ортаймайды. Медицина қызметкерлерінің пандемия кезіндегі ерлікке бергісіз еңбегіне бас иеміз. Сон­дық­тан да, кәсіби мереке қарсаңында медицина қызмет­керлерін құттықтап, үздік дәрі­гер­лерге арнайы марапат тапсыруды парызымыз деп білеміз. Мемлекет өз тарапынан медицина саласын қолдаудың озық үлгісін көрсетіп келеді. Бұл рет­те Алматы облысында да айта­рлықтай жұмыс істелуде, – деді жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облысы

Бөлісу:
Үздік мамандар марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар