Данилина дара шықты
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бі­рін­ші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Дани­лина Испанияның астанасы – Мадридте өткен ITF W60 турнирінің жеңім­пазы атанды.</p>

Қазақстандық теннисші бұл сында ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге финалда қытайлық Лу Цзя Цинь және жапониялық Ю Сяоди жұбымен бас жүлдені сарапқа салып, екі сетте еш қиындықсыз жеңіске жетті. А.Данилина мен А.Тихонова бірінші партияда 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте де қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:2. Осылайша, бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған ойын А.Данилина мен А.Тихонованың жарқын жеңісімен аяқталды.
Бұл – Анна Данилинаның жұптық сында жеңіп алған 26-шы титулы. Қазақстандық теннисші соның 25-ін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) аясында өткен жарыстарда олжалаған болса, біреуін биыл қаңтарда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сиднейдегі WTA 250 турнирінде жеңіп алған болатын.