Жетісу облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жамбыл облысындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«20 маусым сағат 11:30-дан бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Осыған байланысты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.