Әлем
1 мин оқу 310
Францияда парламенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
<p style="text-align: justify;">Жексенбі күні Францияда Ұлттық ассамблея сайлауының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елде барлығы 48,7 миллион сайлаушы тіркелген. Олар парламенттің төменгі палатасының 577 депутатын сайлайды.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, 18:00-де жабылады. Ірі қалаларда сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Парламенттік сайлаудың екінші кезеңіне қазіргі үкіметтің 15 министрі, оның ішінде премьер-министр Элизабет Борн қатысып жатыр.
Парламент сайлауында жеңілген министрлер, оның ішінде үкімет басшысы да отставкаға кетуі мүмкін.
Бөлісу: