Биыл 4740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
<p style="text-align: justify;">2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 4740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 3,4%-ға артық, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. </p>
Оның ішінде:
2425,2 мың м2 – көп пәтерлі үйлер;
2279,1 мың м2 – жеке үйлер.
Пайдалануға берілді:
95,6% - жекеменшік құрылыс салушылар;
4,4% - халық тарапынан.
«Биылғы жылдың қаңтар-мамыры аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының ұлғаюы Шымкент қаласында (44,5%-ға), Түркістан (17,7%-ға), Алматы және Қызылорда облыстарында (11%-ға) байқалды. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының төмендеуі Маңғыстау (15,6%-ға), Павлодар (9,3%-ға), Солтүстік қазақстан (6%-ға) облыстарында және Алматы қаласында (4,6%-ға) тіркелді», деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.