Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 201

Алыптар Джиддада айқасады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Аса ауыр салмақтағы WBA Super, IBF және WBO тұжырымдары бойын&shy;ша әлем чемпионы украиналық Александр Усик (19-0, 13 KO) пен британиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) арасындағы қарымта жекпе-жек тамызда өтетін болды.</p>

Алыптар Джиддада айқасады

Екі боксшының да ісін жүргізетін Matchroom Boxing промоутерлік ком­пания­сы кеше кә­сіпқой бокстағы екі алыптың ара­сын­­дағы реванш айқасы тамыздың 20-сы күні Сауд Арабия­сының Джидда қа­ласында өтетінін ресми мәлімдеді. Әзірге жек­пе-жекте кімнің қанша гонорар алатыны жа­рияланған жоқ.

Айта кетейік, Джошуа мен Усик арасын­дағы бірінші айқас 2021 жылдың қыркүйек айын­да Лондондағы (Англия) 80 мың жан­күйер сыятын «Уэмбли» стадионында өткен еді. Ол кезде Усик төрешілердің бірауыз ше­шімімен жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу:
Алыптар Джиддада айқасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар