Елорда маңындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
<p style="text-align: justify;">Елорда маңындағы қамыс өртін сөндіруге МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Кеше сағат 15:03-те Қорғалжын тасжолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, қол жетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өрттің периметрі бойынша жер жыртылды.
Өрттің «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Сондай-ақ бүгін сағат 08:09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы ұшып кетті», делінген хабарламада.