Қоғам
1 мин оқу 445
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты күдікті ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне – «Джонни» ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым», деді С.Нұрмағамбетов.
Айта кетсек, 2015 жылы ІІМ Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: