Қоғам
1 мин оқу 350

Елордада астан уланған 101 науқас ем қабылдап жатыр

<p style="text-align: justify;">Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Астан улану фактісімен 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны - 53 адам», делінген ведомство хабарламасында.

Хабарламада көрсетілгендей, науқастардың жалпы жағдайы қалыпты.

Еске сала кетсек, 13 маусым күні елордада 64 тұрғыны тамақтан уланды. Бүкіл науқас өз ауруларын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырған.

Бөлісу:
Елордада астан уланған 101 науқас ем қабылдап жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар