Ауа райы
2 мин оқу 222

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<div class="description" style="text-align: justify;">22 маусымда еліміздің 10 өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ дауыл күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, ал шығысында 25 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қарағандыда күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Жезқазғанда күндіз қатты ыстық сақталады (+36...+38°C).

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 37°C-ге дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болады (+40°C). Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында қатты ыстық болады (+36°C). Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында аптап ыстық (+45°C). Таулы өңірлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады (+40°C).

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде аптап ыстық болады (+43°C).

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстіктен, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде 25 м/с жетеді.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар