Аймақтар
1 мин оқу 484

Семей-орманы табиғи қорығынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі &laquo;Грачев орманшылығы&raquo; Долон филиалының территориясынан өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 20 гектар алқапта құрғақ шөп пен ағаштар өртенді. Жақын елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 11 қызметкері, үш техникасы, орман шаруашылығының 30 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылған.

Құтқарушыларға Семей қаласынан құрамында 18 адамы бар колонна мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы қосымша көмекке шыққан.

Бөлісу:
Семей-орманы табиғи қорығынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар