Спорт
1 мин оқу 315

Бұйырғаны – қос қола

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қатар астанасы &ndash; Дохада мәресіне жеткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды.</p>

Бұйырғаны – қос қола

Жазғы Универсиаданың (2019) күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Дохадағы сары құрлық біріншілігінде де күміс жүлде еншіледі. Ат снарядында өнер көрсеткен отан­дасымыз 14.800 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Бұл сында иорданиялық гимнаст (15.255) жеңіске жетсе, қытайлық спортшы (14.600) қола медальға ие болды. Сон­дай-ақ 2019 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүл­дегері Милад Карими кермедегі жатты­ғу­дан 14.133 балл жинап, қола жүлдегер атанды.

Осылайша, спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы биыл 28 қазан – 6 қараша аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Бөлісу:
Бұйырғаны – қос қола · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар