Коронавирус
1 мин оқу 200

830 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды

<p style="text-align: justify;">COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырған жасөспірімдер санын нақтылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар «Pfizer» екпесін салдырып жатыр.

Аталған вакцинаның I дозасын 1 215 053 адам, атап айтқанда 865 203 - жасөспірім, 41 015 - жүкті әйел мен 144 604 - бала емізетін әйел салдырды.

Екпенің ІІ компонентін 1 117 710 адам, оның ішінде 829 179 - жасөспірім, 37 462 - жүкті әйел, 135 539 - бала емізетін әйел алды.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналанғандар саны – 9 299 406 адамды құрады.

Бөлісу:
830 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар